Бұл кітапша Халықаралық «Алаш» және М.Қашқари сыйлықтарының лауреаты, белгілі жазушы, журналист Нұрғали Ораздың түркі дүниесі туралы жазған эсселері мен сапарнамалары топтастырылды.
Кітапты бастамас бұрын көп нәрсе күткен болуым керек, жарты жолдан тастауға тура келді.
Шынымды айтсам ұнаған тұстарынан көрі көңілімнен шықпаған тұстары көп болды. Бұған дейінгі ұқсас кітапты қуана-қуана оқыған едік, бұл жолы көңілімнен шықпады. Әрине ішінде бөлісілген әңгімеге қатысты айтып отырған жоқпын.
Әңгімелерді жеткізу, жазу тілі мен әңгімелерді жинақтау реті оқырманды баурап алуға кері әсерін тигізетін секілді. Әңгімелердің кей кездері басы, кей кездері аяғы жоқ, түсініксіз болып кетеді. Ең алғаш беттерінде әңгімелер бір-бірін жалғастырып отыр деп ойлаған едім, олай емес екен. Бір ойдан екінші ойға тез ауысып, секіріп отырған соң зейін қойып оқу қиынға соқты.
Қысқаша айтқанда кітап редакцияға жетпей қол жазбаның алғашқы нұсқасын баспаға жібере салғандай көрінді.