Бүгін біз кезекті кітап клубымыздың жиынын өткіздік. Тамыз айында атақты казақ жазушысы, Алаш зиялысы Мыржақып Дулатұлының Бақытсыз Жамал романын оқыдық. Бұл шығарма қазақ тілінде жазылған тұңғыш роиан деп есептеленеді. Роман Жамал деген қыздың тағдыры жайында сөз қозғайды. Қалың малға тең келмейтін жігітке қалыңдыққа беріліп, сүйген, біліміне, парасаттылығына тең келетін Ғали есімді бозбаламен қашып кетеді. Бірақ ақырында бірге болмай, екі сүйген жас өмірден озады. Негізі әйел адамның құқығы Алаштың поликикалық бағдарламасында өзекті мәселелердің бірі еді. Оны Руслан Ақмағамбет "Алаш Демократиясы" кітабында жазып өтеді. Қыздар шығарманың қазақ тіліңің әдеби түріне таң қалдың. Қаншалықты қазіргі қолданыстағы тіл өзгеріп кеткен. Тағы ойға салар бір жай, сол кезеңдегі шығармалар көбіне әйел құқығы, тағдыры ( Аймауытовтың Ақбілек кітабі, Бақытсыз Жамал, Балқадиша, тб) мәселесін жарыққа шығарады. Ұлттық тамыр, сана сезімді оятатын тарихи романдар Совет өкметі кезінде шығады. Жалпылап қарағанда сол уақыттың өзекті мәселе болғанын көрсетеді.
Өз басым үшін күрделігімен қатар, әдемілігі, түркі, араб, парсы сөздері араласқан тіл өзінің байлығын паш етті. Мені басқа да қазақша әдеби кітаптарды оқуға талпындырды.