Қазақстан Мемлекеттік және Халықаралық "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлықтарының иегері, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауинның бұл кітабына соңғы жылдары жазылған әңгімелері, баспасөз бетінде жарияланған сұхбат, мақалалары, тарихқа қатысты ой-толғаулары топтастырылды. "Тағдыр жазуы", "Қуыршақ" әңгімелері жазушының шеберлігін танытса, әдемі астармен жазылған, негізгі идеясы - ұлттың бірлігін аңсайтын "Құмырсқа-қырғын" әңгімесінен оқырманның алары аз емес. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Әдепкі әңгімелер: Қылмыс, Екеу, Подонок, Эльза жеңешем, Күмбез, Құмырсқа-қырғын. Және одағай әңгімелер: Тағдыр жазуы, Қуыршақ, Ең үздік оқушы, Тапқыр-торай (роман), Эпилог, Бір нәзік сәуле, Оралу. Шежіре, толғау: Мені халқым бағалаған, Ешкі жетектеген екеу немесе Зор мен Шоң ақыл айтады, Зар заманның мұң-наласы, Шортанбайдың зар заманы, Мұраттың арман-наласы, Тарих және фольклор - XVIII ғасыр, Менің аталарым (Өмір баянға қосымша деректер).