Кейіпкер – бала кезінде соғысты көріп, анасына кейінгі ең жақын адамы үлкен ағасынан айырылған, қызба мінезінің кесірінен талай әділетсіздікке ұрынған адам. Көңілді, тапқыр Еркін өмірдің ақ-қарасын білетін сияқты, дегенмен шалыс басқан кездері көп болады. Өзін ренжіткен адамдар да ақырында опа жейді, кейіпкеріміз де өмірдің талай соқпағынан өтеді. Бірақ, қанша дегенмен, тағдырынан жарқын сәттерді көбірек күтеді, соған ұмтылады да. Еңбектеніп, анасы мен жесір қалған жеңгесіне қамқор болу үшін, адам қатарына қосылғысы келеді. Бірақ, жеңгесін қорғаймын деп жүріп, өзі әділетсіздікке ұрынып, түрмеде отырып шығады. Осылайша жастайынан бағына балта шабылған бала, өмір өзің ойлағандай емес, керісінше мүлдем күтпеген аумалы-төкпелі кезеңдерден тұратынын айқын түсінгендей болады. Түрмеде отырған жас жігітке жақсы қызмет табу оңай емес. Дегенмен, білім алып, ұстаздық етеді. Балаларға арнап әңгімелер жазып, отбасын құрады. Қуанышпен қатар, қиындығы да көп өмірден түңілген емес. Әке орнындағы қамқор ағасынан, судың тұнығындай тұңғышынан айырылады. Жақын адамдарын ажал құшқаны – қабырғасын қайыстырады. Романның «өлгендер қайтып келмейді» деп аталуы да сондықтан шығар. Бала кезінен аңсаған арманы алғашқы махаббаты - Ғалия есімді қызды тауып, сезімін жеткізу болатын. Жылдар өте Еркін Ғалиямен кездеседі. Әбден үйлі-баранды болып, ақыл тоқтатар жасқа келген кезде, қолынан ұшырып алған құс секілді көрінген Ғалиямен қайта жүздескенде, тағдырдың бұйрығымен тұншығып қалған сезім қайта тіріліп, оянғандай болады…
Berdibek Ydyrysuly Sokpakbayev (1924-1992) – Kazakh writer, the children's book writer, the author of numerous works about children - was born in 1924 in Kostyube's village of the Narynkol district of Almaty region.
Berdibek Sokpakbayev graduated from philological faculty of the Kazakh teacher training college named after Abay. Some years taught at rural school. He worked as an editor of the Kazakhfilm film studio, in editorial offices of newspapers and Kazakh adebieti, Baldyrgan magazines. Worked as a children's literature literary adviser in the Union of writers of Kazakhstan. Graduated the High literary courses at the Union of writers of the USSR.
Wrote for children and youth. Published about 20 books: "Spring" (the collection of verses, 1950), "Champion" (the story, 1951), «In a far aul» (the story, 1953), «My name is Kozha» (the story, 1957), «Travel to the childhood» (the story, 1960), (The deads do not come back» (the novel, t. I-1967, t. 2-1974), «Where are you, Gaukhar?» (story, 1966) and others.
B. Sokpakbayev is the author of several plays and film scripts. The feature film «My name is Kozha», put according to his scenario in 1967, was awarded on the Cannes international film festival.
Бұл шығарма туралы бірнеше пунктқа бөлінген шашыраңқы ойларым: - Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын бала кезімде сүйіп оқитын болғасын (әсіресе сан рет оқылған «Менің атым Қожа») бұл туындысын да оқығым келді. - Маған ішінде өзге кітаптар туралы айтылатын кітаптар ұнайды. Ондай кездерде өзімнің əлі көп нəрсе оқымағанымды түсіне бастаймын. Бұл кітапта халық ауыз әдебиетінен Қобыланды Батыр, Қыз Жібекті оқуым керек екенін түсіндім. Біріншісі туралы айтылғанын бұған дейін əйгілі "Махаббат, қызық мол жылдар"-дан көрген едім. - Батыс диалектісі боп есептелетін сөздердің қолданылғаны қызық көрінді маған: ыссы, нəн. - Баспа нашар болды ма, әйтеуір менің қолыма түскен экземплярдан («Жазушы» баспасы, 1987) қарапайым орфографиялық, басқа да қателер көп байқадым. - соғыс кезінде жағдайы майдандағыдан да кем емес ауылдардағы мүшкіл күйі туралы көп білдім(( бас кейіпкердің басынан өткен сан қилы оқиғалардың өзі шын өмірден алынғанына шүбә келтіру қиын-ақ. - кей жерлерде автобиографиялық сияқты боп көрінгенмен, кей жерінде бірнеше әр қилы оқиғаны жалғап, құрастырып жазылғандай көрінді. - айтпақшы, қазақ əдебиетінің классикасына жата ма бұл туынды? - осыған дейін бала кезімде неге оқымағанымды түсіндім. +16 екен ғо :)))) - қазіргі кезбен параллель – шағын үзінді: "Мұғалім болу үшін азаптанып, қалаға барып оқудың қаншалықты қажеті бар екенін олар оңайлықпен түсінбейді. Өйткені, ауылда кім көрінген мұғалім боп жатқан жоқ па? Қызметінен қуылғандар басқа қызмет таба алмаса, мұғалім болады." - əр кітаптан кейіпкерлердің өзіме ұқсас жерлерін байқап қалатыным сияқты, бұл романда да Еркіннің кей қылықтарынан, басынан өткен оқиғаларынан өзімді, өзімнің басымнан өткен/өтіп жатқан жайттарды көргендей болдым. Қай жерде? Ха! Əрине, айтпайм! - Уау, мен туып-өскен аудандағы Шортанбай ауылы атап өтіледі. - коррупция əр уақытта болған қазақта. Соғыстан бұрын не, кезінде не, одан кейін не... Халқымыздың обасы дерсің бір... :(( - Өзіме жазып алған, қызық көрінген мақалдар, тіркестер: Кемеші келсе, қайықшы судан шығады. Күлшелі бала сүйменді. Шарапты сүйіп ішсең де мас етеді, сүймей ішсең де мас етеді. Əйел заты да тап сол секілді - жолап кетсең, қауіп.