Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Өз жұмыстарын атқару барысында жолдан адасып кеткен үш тракторшы жігіттің кенеттен астындағы көліктерінің майы таусылып, қарға оранған айдалада өздері ғана қалады. Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол әлемнің бір пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; қолында қаруы, алдарында атысар жауы жоқ, өз-өзінен жынданған, өз-өзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты, үш қояншық, үш есалаң – үш батыр...
Oralkhan Bokeevich Bokei. was a Kazakh writer, playwright and journalist. He was laureate of the State Prize of the Republic of Kazakhstan, the Republic of Kazakhstan Youth Prize, named after Ostrovski Laureate of the All-Union Literary Prize.
Шынымды айтсам осы кітапты оқығанда денем тікіркеп, тұла бойымды салқын басты. Бәлкім кітаптің әсерінен, бәлкім қыстан қалып қойған ызғар болдыма…
Жалпы өте қызық әрі әсерлі кітап. Қазақ авторларының қандай керемет шығырмаларының бірі, қазақ тілінің ғажаптығының дәлелі.
Недегенімен ауыр және соңы түсініксіз, ия бұлда бір автордың стиліғой, символика көп, бірақ ұнайды. Кейіпкерлердіде шындыққа жанастырып, әңгімені жүрекке жеткізердей әдемі жазған.