Қолыңыздағы шағын кітапшада мұсылмандық жолмен неке қиюдың артықшылығы, өзіндік негіздері мен шарттары баяндалады. Үйленудің мәні мен ақ адал некеге құрылған шаңырақтың текті ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы сөз етіліп, жастарымызға өмірлік жар таңдауда қателікке бой алдырмаудың алдын-алу жолдары ұсынылады. Кітапша жалпы оқырман қауымға арналған.
Қысқа да нұсқа діндегі отбасы құрудың неғіздері көрсетілген шағын кітапша. Қазақтың әр-бір жастары осындай еңбектерді оқыса зина деген бассыздыққа бармас еді деген үмітпен оқуларыңызды, оқытуларыңызды сұраймын.